Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы » ГККП "Ясли сад №3". Алмалинский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 бала бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 374-68-26
Әдіскер:
+7(727) 391-07-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
25
сәуір
2016

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 Күні: 18.03.2016

Тақырыбы:  «Достық әлемінде»

Мақсаты: Балаларға  «достық» сөзінің  мәнін  түсіндіру.  Зейінін, есте   сақтау, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін   дамыту.     

 Эмоционалды   көңілдерін  көтеру.

- достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:қатысушылар-мектепке даярлық тобы,жүргізуші-психолог,ересек кейіпкер-Кірпі;

Билингвальды компонент:дос-друг,достық-дружба;

Көрнекіліктер: Дос туралы ән,үнтаспа,доп,Кірпі кейіпкері,интерактивті тақта,мақал- мәтел жазылған карточкалар,пиктограммалар,достық шырағы;

Іс-әрекет бөлімдері

Этапы деятельности

Тәрбиешінің басқару әрекеттері

Действия воспитателья

Балалардың әрекеті

Деятельность детей

Мотивациялық-қозғаушылық

Мотивационно-побудительный

 

Сәлемдесу:

Ойын: «Қоңырау»

Психолог балаларға бір-бірлерімен қоңыраудың көмегімен сәлемдесуді ұсынады.

Балалар қоңырауды құлағына жақындатып,бір-бірлерімен амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Организационно-поисковой

 

Әңгіме:

Психолог «Достық» әнін тыңдауды ұсынады.Сосын сабақтың тақырыбымен таныстырады.

Психолог:

-          Бұл ән сендерді қандай сезімге шақырды?

-          Дос деген кім?

-          Нағыз дос деп қандай адамды айтамыз?

-          Дос не үшін керек?

-          Сендер қалай дос боласыңдар?

-          Ата-аналарыңмен дос боласыңдар ма?

-          Балалар, қалай ойлайсыңдар,біз тек адамдармен ғана дос бола аламыз ба?

-          Жануарлармен дос бола аламыз ба?

-          Табиғатпен ше?

-          Олай болса мен сендерді достық әлеміне саяхат жасауға шақырғым келіп тұр.

-          Барғыларың келе ме?

-          Ендеше шеңберге тұрып,ұшуға дайындалайық.

Құшағымызды ашайық,

Жер бетінен жорғалап,

Жылуымды жалғаймын.

Ашық күнім мен саған!

Әлемді шарлап ұшамыз,

Шалғай жатқан ғаламға.

Жылдамырақ қонайық,

Армандаған заманға.

(әуен ойналады)

-          Міне,біз ұшып келдік.

-          Қараңдаршы,

мына жер қандай әдемі!

Кірпі:

-          Сәлеметсіңдер ме,қонақтар!

-          Мен сендер білетін Кірпімін Мен «достық»ғаламшарында тұрамын.

-          Мен достасып өмір сүргенді жақсы көремін,ешкіммен ренжіспеймін.

-          Балалар сендер бір-бірлеріңмен татусыңдар ма?

ПСИХОЛОГ:

-          Әрине кірпі,біздің балалар өте тату-тәтті,сонымен қатар,зерделі де ақылды.

Кірпі:Ендеше,мен сендерді біздің ғаламшарға шақырамын.Бірақ сендерді жолда ерекше оқиғалар күтіп тұр.Сіздерге бірнеше сынақтан өтуге тура келеді.Әр сынақтан өткенде сөздер жазылған карточкаларға ие боласыздар.Сіздерге сәттілік тілеймін.(музыка ойналады)

Психолог балалардан өтілетін сынақтарды қабылдап,көмек қажет болған балаларға көмектеседі.

Кірпі:

-          біздің ғаламшарымыздың тұрғындары бір-бірлерін жақсы біледі,ал сендер достарыңның нені жақсы көретіндерін білесіңдер ме?

Психолог:иә,Кірпі,менің балаларым достарын жақсы біледі.

1-      тапсырма «Кім зерек»

Шарты:психолог балалардан сүйікті ойындары мен сабақтары туралы сұрайды.Балалардың жауабынан кейін,кері жауапты қайталайды.(рефлексия)

 

Кірпі:

-          жарайсыңдар балалар,сендер бір-бірлеріңді жақсы біледі екенсіңдер.сендер бірінші «Серік бол» сөзі жазылған карочкаға ие болдыңдар.

-          Ал достарыңды жұмулы көздеріңмен тани аласыңдар ма?

2-тапсырма: «Досыңды тап»

Шарты:Баланың көзін орамалмен байлап,бір ойыншы екінші баланы сипаттау керек.Қолынан ұстау,шашын сипау,киімін ұстау арқылы тануға   болады.Кейін ойыншылар орындарын ауыстырады.

Кірпі:

-          Жарайсыңдар,балалар!Сендер тапсырманы керемет орындай алдыңдар.Келесі карточка «Дос болсаң...» деп аталады.

Кірпі:келесі сынақ біздің қатысушыларымызға арналады.Суретке қараңдаршы,суретші бір жағдайдан қателік жіберген сияқты.Сол қатені тауып көрейікші.

3-тапсырма: «Суретші неден қателесті?»

Шарты:балаларға әр түрлі жағдайлардан құралған суреттер ұсынылады.Суретшінің қате жіберген тұстарын бала орнына қою керек.

Кірпі:

-          сендер мені таң қалдырып отырсыңдар.Жарайсыңдар, «Берік бол» карточкасын жеңіп алдыңдар.

-          Балалар,біздің әлем сендерге ұнады ма?

-          Онда саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

-          Сендер мадақтай білесіңдер ме?

4-тапсырма:Келесі ойынымыз «Сен маған ұнайсың»

Шарты:психолог балаларға допты лақтырып,бір-бірлеріне мадақтау сөздерін айтуды ұсынады.

Балаларға соңғы карточка ұсынылады. «Досыңа»

Тапсырма: «Мақалды жинақта»

Кірпі:

-          Ал енді сынақтың ақтық мәресіне де келіп жеттік.Осы уақытқа дейін жинаған карточкалардағы сөздерден мақал-мәтел құрастырайықшы.

«ДОС БОЛСАҢ БЕРІК БОЛ,ДОСЫҢА СЕРІК БОЛ»

Дұрыс айтасыңдар,бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

-          Балалар,осы уақыт ішінде сендердің зерек,ақылды екендеріңді білдім.Сендер нағыз адал достыққа лайықсыңдар.Топтарың тату да тапқыр топ екен.Сендерге сәттілік тілеймін.

Психолог:

-          Кірпі,осындай қызықты саяхатқа шақырғаның үшін саған үлкен рахмет айтамыз.Біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз келіп қалыпты.

 

«Әлем биі» (баяу әуенмен орындалады)

Шеңбер бойымен қол ұстасып баяу айналады,содан кейін жылдамырақ айналады.

-          Міне, біз өзіміздің балабақшамызға оралдық.

 

 

Балалар әнді тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жеке пікірлері тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-          Иә,барғымыз келеді

 

 

 

 

 

Қимылмен орындайды

 

 

 

 

 

 

Балалар мен психолог Кірпіні кездестіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі сынаққа дайындалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары тыңдалады

 

 

 

 

 

 

Балалар сүйікті ойындары туралы әңгімелейді

 

Көздерін орамалмен байлап,достарын жұмулы көздерімен түйсік сезімдерін қалыптастырады.

 

 

 

Интерактивті тақтаға назар аударады

 

 

 

 

 

 

 

Ойын шартымен танысады.Суретшінің жіберген қателіктерін жөндейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бір-бірлеріне мадақтау сөздерін айтады

 

 

 

 

 

Психологтың көмегімен сөздерден мақал құрастырады

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақалдың мағынасын ашады

 

 

 

Балалар Кірпімен қоштасады.

 

 

Кірпіге алғыстарын білдіреді

 

 

Қол ұстасып орындайды.

 

Рефлексті-түзетуші

Рефлексивно-корректирующий

Рефлексия:

-          Сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма?

-          Немен таныстық?

-          Қай тапсырма сендерге қиынға түсті?

-          Қайсысы оңай болды?

-          Бәрінен қай тапсырма ұнады?

 

Жылы жүрек-жақсы тілек.

 

Сабағымыздың аяқталар уақыты келіп жетті.Бүгін сендермен өткен сабағым маған ұнады,көңілімнен шықтыңдар.Сендерге көп рахмет,балалар!Келесі сабақты асыға күтетін боламын.Сау болыңдар!

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңбер құрып,қолдарын ұстап достық шырағымен бір-бірлеріне жақсы тілектерін білдіреді.

Сабаққа қорытынды жасайды.

 

Күтілетін нәтиже\Ожидаемый результат

 Білуі тиіс\Знать: достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін жеткізе білді;

 Көрсете білу\Иметь:ойындар арқылы сөйлеу,есте сақтау,ойлау,зейін процестері қалыптасты,достық сезімдерін ойындар арқылы жеткізе білді;

 Қабылдау\Уметь: сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктері кеңейді;

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив